Malim.kz
Қоғам

Су тасқыны: Петропавлда төтенше жағдай жарияланды

Malim Админ

Әкімдік мәліметінше, 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың еру салдарынан жеке секторларды су басты.

Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды. Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімі бойынша, 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады, - делінген хабарламада.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары