Malim.kz
Қоғам

Су тасқыны: Құлсарыда қауіп сейілмеді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

• Олжас Қасым

Құлсары қаласында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Жем өзені Құрсай сағасының 3 шақырымы бойын ауыл тұрғындары құм салынған қаптармен нықтап, биіктетуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Қол көмек, техникамен Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан адамдар көмекке келген. Ас-суды Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау мен Түркістан облыстарынан беріп жатыр.

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Назарларыңызға аймақтағы тасқынның алдын алу жұмыстарынан фоторепортаж ұсынамыз.

Құрсай өзенінің жағасын биіктету жұмыстары

Жем өзенінің Құлсарыға кіретін сағасы - Құрсай өзені

Қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды

Құтқарушылар үш күн бұрын жоғалған әкелі балалы тұрғындарды іздестіруде

Аймақ тұрғындары бөгет жасау үшін қаптарға топырақ салып жатыр

Гуманитарлық көмек зардап шеккендерге беріледі

Тасқынға - тосқын

Жұмыстағы азаматтарға ас қамдап жүрген аналар

Қандай қиындық болса да, қазынымыз оттан түспесін!

Фото: Өркен Жоямерген

Олжас Қасым
Автордың басқа материалдары