Malim.kz
Қоғам

Шұғыл хабар! Енді әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынады

Қайсар Қанат
pixabay.com

Қазақстанда әртістерге телевизиялық шоулардан басқа жерде фонограммамен ән айтуға тыйым салу ұсынылды, деп Malim.kz тілшісі Сенат аппаратының жетекшісі Максим Споткайдың Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенат "Мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау туралы" заңға түзетулер енгізіп, 200 және одан да көп көрермен қатысатын концерттерде фонограмма қолдануға тыйым салу туралы норманы нақтылады.

"Дауыстық (вокалдық) фонограммаларды тек телевизиялық контент жасау кезінде және концерт өткізуге арналмаған орындарда ғана пайдалануға рұқсат етіледі", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ заң жобасында:

Құжат Сенатта мақұлданғаннан кейін қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарылды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары