Malim.kz
Қоғам

Сүйінші, ағайын! Әскерге баруға міндетті жастар үшін қуанышты хабар мәлім болды

Мадияр Қапанбек
Қорғаныс министрлігі

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап жоғары оқу орындарының студенттері әскери кафедраға оқуға түсу үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы толық онлайн форматта тапсыра алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Порталдың мәліметінше, жаңа тәртіп офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламаларына қатысу үдерісін жеңілдетіп, конкурс барысын барынша ашық әрі қолжетімді етуге бағытталған.

Кімдер өтініш бере алады?

Әскери кафедрада оқу студенттерге негізгі біліммен қатар қосымша әскери-кәсіби даярлықтан өтуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны тәмамдаған түлектерге "запастағы лейтенант" немесе "запастағы кіші сержант" әскери атағы беріледі.

Онлайн өтінішті күндізгі бөлімде оқитын бакалавриат студенттері тапсыра алады. Құжат қабылдау 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

"Бұрын студенттер құжаттарды жоғары оқу орындарына барып, қағаз жүзінде тапсыратын. Қазір азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдету және офлайн қызметтерді азайту мақсатында сұранысқа ие сервистерді кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшірудеміз. Әскери кафедраларға онлайн өтініш қабылдау – осы бағыттағы маңызды қадам", – деді Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ басқарма төрағасы Дәулет Бекманов.

eGov.kz арқылы қалай өтініш беруге болады?

Өтініш беру тәртібі:

Өтінім жолданбас бұрын жүйе үміткерге қатысты психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулез диспансерлері, сондай-ақ соттылығы мен мүгедектігінің бар-жоғы туралы мәліметтерді автоматты түрде тексереді. Жеке басы мен білімі жөніндегі деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден пайдаланушының қатысуынсыз алынады.

Ал байланыс телефоны Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген жағдайда, ол автоматты түрде толтырылады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары