Malim.kz
Білім-ғылым

Сүйінші, ағайын! Еліміздің бас педагогы мұғалімдер үшін қуанышты хабарды жеткізді

Мадияр Қапанбек
Ulysmedia.kz коллажы. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстанда мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылатын болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда мектептерде қолданылып жүрген оқулықтардың басым бөлігі 2018-2019 жылдары жарық көрген және содан бері мазмұндық тұрғыдан жаңартылмаған. Осыған байланысты оларды жаңа Конституциялық өзгерістер мен заманауи талаптарға сәйкес қайта қарау жоспарланып отыр.

Жаңарту жұмыстары бірнеше кезең бойынша жүзеге асады:

Министр бұл өзгерістер оқушылардың білім сапасын арттыруға және олардың сыни әрі аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Олжас Бектенов те аталған бастаманың маңыздылығына тоқталып, ел дамуының жаңа кезеңінде білім беру мазмұны да заман талабына сай болуы тиіс екенін жеткізді.

Бұған дейін Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау жүйесіне маңызды өзгерістер енгізілетінін жазған едік. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептеріндегі директорлардың қызметіне қатысты жаңа өзгерістер жоспарланып жатқанын мәлімдеген болатын.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары