Malim.kz
Қоғам

"Сүйінші, ағайын! Қызды болдым": Әнші Еркін Нұржанов қуанышты хабарын елге жеткізді (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Танымал әнші Еркін Нұржанов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі оқырмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, дәл осы айда әке атанғанын айтты.

"Рамазан айы құтты болсын! Аллаға шүкір, шын асылға жеттік. Ей, жақсылар, сүйінші! Рамазанның алғашқы жұмасында қызды болдым", – деді әнші.

Желі қолданушылары да қуанышты хабарды жылы қабылдап, ізгі тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын!", "Керемет жаңалық!", "Өмірі ұзақ болсын!", "Салихалы ұрпақ болсын!" – деген құттықтаулар легі көбейді.

Еркін Нұржанов жұбайына ұсынысты телефон арқылы жасаған

Айта кетейік, бұған дейін әнші жеке өміріне қатысты қызық деректі бөліскен еді. Арасында 14 жас айырмашылығы бар жұбайлардың махаббат хикаясы көпшіліктің назарын аударған.

Еркін Нұржанов Динара есімді жұбайын 7-8 сынып оқып жүрген кезінен білетінін айтқан. Ол сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсынысты гастрольдік сапар кезінде телефон арқылы жасаған.

"Ақтөбеде гастрольде жүргенмін. Телефон шалып, "Сен шынымен сенімдісің бе?" деп сұрадым. "Иә, сенімдімін" деді. Сосын "Онда осы күні Алматыға барамын, көлік дайын тұр, Шымкентке тартамыз" деп тәуекелге бел будым", – деп еске алған әнші.

Оның айтуынша, Динараның ата-анасы өзін бұрыннан танығандықтан, қарсылық білдірмегенімен, бірден келісім де бермеген.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары