Белгілі блогер Елдос Қадырханов пен жұбайы 9 жыл күткен армандарына жетті – ерлі-зайыптылардың отбасында көптен күткен сәби дүниеге келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қуанышты жаңалығын блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті:
"Аллаға шүкір, сүйінші! Қош келдің, ұлым! Біз енді ата-ана болдық, ағайын!" – деп жазды ол.
Бұл жаңалық желіде кеңінен таралып, қолданушылар жас ата-ананы жүрекжарды тілектермен құттықтады:
"Бақытты болыңыздар!", "Сәбидің өмірі ұзақ, ғұмыры берекелі болсын!", "9 жылдық үміттің жемісі – шексіз қуаныш!" – деп жазды желідегілер.