Malim.kz
Білім-ғылым

Сүйінші, ағайын! Танымал мектеп директоры қуанышты хабарын жеткізді (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден. Суретте: Ақмоншақ Нұртазақызы

Әлеуметтік желі арқылы танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызына ерекше сый табысталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол желідегі парақшасында осы туралы сүйінші хабарды айтып, "Креативті директор" атағына ие болғанын жеткізді.

"Әр адамның жүрегіне жету – ең үлкен жеңіс. Халықтың ықыласына бөлену – ақшаға сатып ала алмайтын, Алланың ерекше нығметі деп білемін. Бүгін сол нығметтің шынайы куәсі болдым. Халықтың қолдауы, сенімі арқылы дауыс беру нәтижесінде "Креативті директор" атағына ие болдым.

Бұл марапат – тек атақ емес, үлкен сенім мен жауапкершілік. Өйткені кез келген саланың маманына тек білім ғана емес, харизма мен креатив қажет. Креативтілік – шеберліктің, ой еркіндігінің, жаңашылдыққа ұмтылыстың айқын белгісі. Халықтың әр дауысы – маған артылған аманат. Сол сенімге лайық болу – мен үшін басты мақсат. Қолдап, сеніп, шабыт берген барша халқыма мың алғыс! Сіздер барда еңбек етуге ешқашан шаршамаймын. Аман болыңыздар, қолдауларыңыз үшін шексіз ризамын", – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары