РБК-Украина хабарлауынша, Житомир облысындағы Овруч қаласы маңында жолаушылар пойызында жарылыс болды, деп жазады Malim.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген ер адамды ұстау кезінде ол гранатаны жарып жіберген.
Оқиға салдарынан төрт адам көз жұмып, тағы екі адам түрлі жарақат алғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта жарылыстың толық мән-жайы анықталып жатыр, ал оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.