2025 жылы Қазақстанда шамамен 46 мың отбасы ажырасқан, деп хабарлайды Malim.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
«Ажырасуларға келсек, олардың саны 2025 жылы 45,7 мыңды құрады. Қалалық жерлерде 34 мың ажырасу (74,4%), ауылдық жерлерде 11,7 мың ажырасу (25,6%) тіркелді», – деп хабарлады ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.
Ел бойынша жалпы ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар облысында – 3,43, Қарағанды облысында – 3,41 және Солтүстік Қазақстан облысында – 3,28. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында – 1,03.
БНС деректеріне сәйкес, неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (35%) бірге бір жылдан төрт жылға дейін тұрған жұптарға тиесілі. Тағы 24% – бес-тоғыз жыл бірге тұрған отбасылар, ал 8% неке тіркелгеннен кейін бір жылдың ішінде ажырасқан.
«2025 жылы Қазақстан Республикасында 115,9 мың неке тіркелді. Жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болды. Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында – 6,75, сондай-ақ Қарағанды облысында – 6,32 және Шығыс Қазақстан облысында – 6,27. Ең төмен деңгей Қызылорда облысында – 5,06», – деп атап өтті бюро.
Мәлімет бойынша, 2025 жылы қалалық жерлерде 78,9 мың неке (68,1%), ауылдық жерлерде 37 мың неке (31,9%) тіркелген.
Алғаш рет некеге тұрудың орташа жасы ерлерде 27,9 жас, әйелдерде 25,3 жас болды.
Статистикаға сәйкес, алғаш рет некеге тұрғандар арасында ерлер – 77%, әйелдер – 78%. Ажырасқаннан кейін қайта некеге тұрғандар ерлердің 22%-ын, әйелдердің 21%-ын құрады.
2025 жылы некелердің ең көбі жаз айларында тіркелген: маусымда – 11 848, шілдеде – 12 955, тамызда – 12 418.
Тіркелген некелердің 80,4%-ы моноэтностық, ал 19,6%-ы ұлтаралық некелерді құрады.