Malim.kz
Экономика

Сыйға сый. Қазақстан Беларусь пен Ресейге жауап ретінде қосымша алым енгізеді

Ереке Базарқұл
ФОТО: © ritmeurasia.ru

Қазақстан Беларусь пен Ресейден келетін ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге қосымша утилизациялық алым енгізгелі отыр. Мұны өнеркәсіп министрлігі ресми растады деп хабарлайды  Lada.kz басылымы 31 арнаға сүйеніп хабарлайды.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, қосымша алым Ресей мен Беларусьтің қазақстандық тауарларға қатысты саясатына жауап ретінде енгізіліп отыр. 

- Қазақстандық автомобильдерді Ресей мен Беларуське кіргізгенде, ол елдер бекітілген ставкаға қоса - Қазақстанда төленген баж салығының, ҚҚС пен акциздердің сомаларының айырмашылығын да қосады, -

депті министрлік.

Алым тек жеңіл машиналарға емес, сонымен бірге - ауыр арнайы техникаларға, кеніш жүк машиналары мен ерекше ауыл шаруашылық техникаларына да қосылады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары