Malim.kz
Қоғам

Шымкент пен Таразда жер сілкінісі сезілді

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Сейсмологтар 6 желтоқсанда Астана уақытымен 02:04-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан шамамен 565 шақырым оңтүстік-батыста, Өзбекстан аумағында орналасқан.

Дүмпу күші Тараз бен Шымкентте 2 балл деңгейінде сезілген.

Мамандар өзен арналарына, гидротехникалық нысандарға және сел қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізгенін хабарлады. Зиян келген объектілер анықталмады, инфрақұрылым қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары