Malim.kz
Сұқбат

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

Malim Админ

Шымкент тұрғыны жұмысын нақты орындамай әрі тиісті қызмет көрсетпей, жалған шот-фактура жазып берген. Салдарынан мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

 «Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, салдарынан мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген. Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сома қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне өтті.

Фото: ашық дереккөзден 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары