Malim.kz
Қоғам

Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан, зорлаған күдікті ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Шымкент қалалық полициясы «17 жастағы қызды еркінен тыс алып қашып, зорлаған» күдікті ұсталып, қамауға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабымен іс қозғалған.

«Барлық қатысушылар полицияға жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны еркінен тыс алып қашып, зорлаған деген хабар тараған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары