Malim.kz
Қоғам

Шымкентте аттракционның тросы үзіліп, қыз бала жарақат алды

Айбын Атабай
pexels

Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында джампинг-аттракционынан қыз бала құлап, қолын сындырды. Анасының айтуынша, секіру кезінде аттракцион тростарының бірі үзіліп кеткен.

Оқиға 8 тамыз күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Анасы саябақ әкімшілігін аттракциондардың қауіпсіздігін тексеруге шақырды.

Ал саябақ әкімшілігі қызметкерлер оқиғаға бірден әрекет етіп, жедел жәрдем шақырғанын және қыздың ата-анасынан кешірім сұрағанын мәлімдеді. Сонымен қатар джампинг-аттракционы саябаққа емес, аумақта қызмет көрсететін жалға алушыға тиесілі екенін атап өтті.

Полиция аттракциондағы қауіпсіздік талаптарының сақталмауы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары