Malim.kz
Қоғам

Шымкентте бопсалаушылар тобы қылмыс үстінде ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Шымкент қаласында тұрғынды қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды. Күдіктілер жәбірленушіден 3 000 доллар алып жатқан жерінде қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілер қала тұрғынына қысым көрсетіп, «шығынды өтеу» деген сылтаумен ақша талап еткен.

Сонымен қатар олар жәбірленушінің екі автокөлігін заңсыз иемденіп алды деген күдікке ілініп отыр.

Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары бопсалаушыларды 3 000 АҚШ долларын алу сәтінде қылмыс үстінде ұстады.

Қазіргі таңда төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары