Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour фестивалі өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Шымкент – қонақжайлығымен, дәмі тіл үйірер тағамдарымен келген жанды баурап алады. Мұндағы асхананың саналуандығы – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің, түрлі мәдениеттердің тоғысуының айқын көрінісі. Қазақтың дархан көңілі мен астың берекесі ұштасқан бұл қалада әр тағамның өзіндік тарихы, әр дәмнің өзіндік сыры бар. Бүгін әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада осы бір бай мұра тағы бір мәрте айшықталды. Бармағынан бал тамған аспаздар өз өнерлерін ортаға салып, дәмді асты көпшілікке ұсынды. Бұл іс шара көпшіліктің көңілінен шыққан асыға күтетін, нағыз той-думан.
"Бүгін бұрын-соңды болмаған рекорд орнатылып жатыр. Алып самсаны пісірген Шымкент - гастрономияның астанасы екенін тағы бір дәлелдеп отыр", - дейді ол.
Ал алып самсаны әзірлеген «Камал ата» асүйінің бас аспазы Немат
Нархожаев. Бұл тағамды әзірлеу үшін 2 апта дайындалғанын және оңай болмағанын айтады.
"Құрамы және пісіру тәртібін еш өзгерткеніміз жоқ. Тек көлімін ұлғайттық. Қиын болғанын жасырмаймын. Алғашында үй жағдайында 17 келі самса әзірледік. Өте сәтті шықты. Ал көпшілікке ұсынған тандыр самса 24 келі шықты", - дейді бас аспаз.
Түркістан облысы әкімдігі ұсынған материал