Malim.kz
Оқиға

Шымкентте пойыз қаққан адам сол жерде қайтыс болды

Мәди Саматұлы

Шымкентте теміржолдан рұқсат етілмеген жерде өтіп бара жатқан адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Otyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға 21 қыркүйек күні кешкі сағат 22:00 шамасында Измайлов пен Жангелдин көшелерінің арасында болған. Оқиғаның себептерін полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Пойыз қарқынын үдетіп үлгермегенімен, машинист те оны тоқтата алмаған. Жарақатының тым ауырлығынан ер адам оқиға орнынла көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 30-35 жаста болған.

Фото: kaztag.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары