Сот блогер Руслан Жанпеисовты төрт тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz.
«ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Оған төрт тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалсын. Қамау мерзімі 2026 жылғы 22 сәуір сағат 21:44-тен бастап есептелсін», – деп үкімді Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы оқыды.
Сонымен қатар, әкімшілік істі қозғау барысында жіберілген процессуалдық бұзушылықтар үшін инспекторға қатысты лауазымды тұлғаға жеке қаулы шығарылды.
Еске салайық, 23 сәуірде Шымкент соты блогер Руслан Жанпеисовты полицияға бағынбау ісі бойынша ақтағанын хабарлаған еді.
Бұған дейін блогер Арай Есенбек бопсалау бойынша 5 жылға сотталғанын да айта кетейік.