Malim.kz
Оқиға

Шымкенттік блогер кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді

• Malim Админ

Түркістан облысында Шымкенттің  блогері кәсіпкерден ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz cайтына сілтеме жасап. 


Тергеу дерегінше, ол бастапқыда 2 мың доллар талап еткен, кейін соманы 4 миллион теңгеге дейін өсірген. Егер ақша берілмесе, әлеуметтік желіде «компромат» жариялаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен,

Жедел уәкілдер блогерді қаладағы дәмханалардың бірінде 6 900 доллар алып жатқан сәтінде ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: видеодан скриншот

Malim Админ
Автордың басқа материалдары