Malim.kz
Қоғам

"Шындықтың бәрін Сұлтан біледі": Атыраулық хакер бұрын-соңды ел естімеген деректі айтты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
коллаж: turkystan.kz

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты тағы бір мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған әлеуметтік желі қолданушысы қолындағы деректерге сүйене отырып, жаңа ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, бұған дейін жарияланған бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік карта Бали аралында тіркелгені айтылғаннан кейін, банк барлық есепшоттарды толықтай бұғаттаған.

"Қазіргі таңда мендегі ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік карта Бали аралында тіркелгені туралы мәлімдегеннен кейін, банк отбасы мүшелерінің барлық банктік шоттарын бұғаттаған. Осыдан соң картамен төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды", – деді блогер.

Сонымен қатар блогер Наурыз бен Мейрамгүлді іздестіру жұмыстарының да тоқтатылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында да жарияланған.

"Бүгінгі күнге қарай Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыру жөнінде ешқандай сұрау түспегені, соған байланысты іздеу шараларының тоқтатылғаны хабарлануда", – деді хакер.

Осылайша, Наурыз бен Мейрамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ. Ал қоғамды алаңдатқан "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сауалға нақты жауап жоқ. "Атыраулық хакердің" пайымдауынша, бұл сұрақтың жауабын тек Сұлтан ғана білуі мүмкін.

"Осылайша, бұл екі адам әлі табылған жоқ. Ал әлі күнге дейін жауабы табылмаған "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сұрақтың жауабын, менің ойымша, Сұлтан ғана біледі", – деп түйіндеді ол.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары