Malim.kz
Саясат

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

• Malim Админ

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды. Ұйымға мүше елдердің өкілдері Астанаға келді, деп хабарлайды Malim.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары