Malim.kz
Қоғам

ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтар үшін бірқатар шектеу енгізіледі

• Берік Дәулетов

ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан бастап қаланың кейбір көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекеттік күзет қызметі 3-4 шілдеде елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға үндеу жолдады.

«ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан бастап қаланың кейбір көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі», - делінген мемлекеттік күзеттің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ 2-4 шілдеде «Есіл», «Нұра» және «Алматы» аудандарында осындай шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады.

Фото: elle.com.kz

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары