Malim.kz
Қоғам

Таяу Шығыстан 4700-ден астам қазақстандық елге қайтарылды

Арман Қайыпхан
Фото: https://t.me/pressmfakz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан азаматтарды елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінге дейін резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 4700-ден астам қазақстандық елге оралды.

Эвакуация тек әуе рейстерімен емес, жерүсті бағыттары арқылы да жүргізіліп жатыр. 6 наурызда шетелдегі қазақстандық мекемелер «Заркух» компаниясының 7 қызметкерін Иран–Армения шекарасы арқылы шығаруды ұйымдастырды. Алдын ала мәліметке сәйкес, компания осы бағытпен тағы 16 қазақстандықты эвакуациялауды жоспарлап отыр.

Жалпы, бүгінге дейін Ираннан 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды. Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде жұмысты үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыста.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары