7 наурыздан 8-іне қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT Airlines, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындады, деп хабарлайды Malim.kz.
Соның нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді.
8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс орындауды жоспарлап отыр.
3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға барлығы 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасуда.