Malim.kz
Қоғам

Таяу Шығыстан 7300 қазақстандық елге оралды

• Айбын Атабай
Константин Шелков

Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.

Осыған дейін наурыздың 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыстан елге 1 786 жолаушы жеткізілгені туралы жаздық.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары