Malim.kz
Қоғам

Таяу Шығыстан эвакуация: жаңа рейстер мен кесте жарияланды

Ереке Базарқұл
©24.kz

Қазақстан өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауды күшейтті. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі елге қарай рейстер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын, ал әуе компаниялары сұранысқа қарай жедел түрде ұшақтар қосып жатқанын хабарлады. Бұл туралы деп «NewTimes.kz» АА жазыпты.

3 наурыз күні FlyDubai Дубайдан Астана мен Алматыға екі рейс орындап, 306 адамды елге қайтарды. Сонымен қатар, Air Astana Сауд Арабиясынан бірнеше рейс ұйымдастырып жатыр. Қазірге белгілісі: Мединеден екі ұшақ (290 орын) және Джиддадан екі ұшақ (339 орын).

Сол күні SCAT әуе компаниясы кең фюзеляжды Boeing-767 ұшағымен Алматы – Маскат – Алматы бағытында рейс дайындады, оның ұшу уақыты Астана уақытымен 19:00-ге белгіленіпті.

ААК-те (Азаматтық авиация комитеті) эвакуациялық рейстер қанша қажет болса, сонша жалғасатынын атап өтті. Қазір авиация билігі, СІМ және тасымалдаушылар қауіпті аймақтан шыққысы келетін барлық қазақстандықтарды алып кету үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Аймақ елдерінде жүрген азаматтар үшін колл-орталықтың тәулік бойы жұмыс істейтін телефондары, сондай-ақ барлық әуе компаниялары мен дипломатиялық өкілдіктердің жедел желілері ашылды.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды:

+7 7172 77 98 21;

+7 7172 79 82 13;

+7 7172 79 82 14.

Рейстердің мәртебесіне қатысты сұрақтар бойынша жолаушыларға мына телефондарға хабарласу ұсынылады:

Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;

FlyArystan: +7 727 331 10 10, WhatsApp: +7 702 702 02 27;

SCAT: +7 7252 99 88 80;

Qazaq Air: +7 727 356 14 14;

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы: +7 7172 702 999;

Алматы халықаралық әуежайы: +7 727 228 00 19.

«Сондай-ақ жолаушыларға өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасының Таяу Шығыс елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктерінен нақтылау ұсынылады», –

деп хабарлады ААК баспасөз қызметі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

+7 7172 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті);

+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат).

ҚР Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):

+98 21 2256 5933 (елшіліктің кезекшісі);

+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp).

ҚР Горган қаласындағы Бас консулдығы:

+98 912 298 0350 (ұялы телефон);

+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);

+7 701 771 34 01 (Whatsapp).

ҚР Бандер-Аббас қаласындағы Консулдығы:

+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, Whatsapp).

ҚР Иорданиядағы Елшілігі:

+962 777 68 88 85.

ҚР БАӘ-дегі Елшілігі:

+971 50 508 5226;

+971 2 449 8778.

ҚР Дубайдағы Бас консулдығы:

+971 50 570 1978.

ҚР Сауд Арабиясындағы Елшілігі:

+966 55 663 0177.

ҚР Катардағы Елшілігі:

+974 5064 99 55;

+974 5100 07 33.

ҚР Кувейттегі Елшілігі:

+965 6704 2545.

ҚР Ливандағы Елшілігі:

+961 4 71 34 67;

+961 4 71 34 47.

ҚР Бахрейндегі Бас консулдығы:

+973 33 48 08 90.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші);

+972 54 878 4608 (ұялы телефон, WhatsApp);

+972 53 272 1815 (ұялы телефон, WhatsApp);

+7 701 731 41 77 (WhatsApp).

Ведомстволар тек ресми ақпаратқа сүйенуді және консулдықтармен байланыста болуды сұрайды.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары