Malim.kz
Қоғам

Таиландқа демалуға барған қазақстандық суға батып кетті

Арман Қайыпхан

Пхукетке демалуға барған 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, мерт болды, деп Malim.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған.

Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.

Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам - қазақстандық екенін растады.

Фото: Pixabay

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары