Malim.kz
Қоғам

"Таксиге жарты айлығым кетті": Әли Оқапов көліксіз қалып қалды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Әли Оқапов жеке көлігін сатып жіберіп, қазір қала ішінде таксимен жүруге мәжбүр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, көлікті сату уақыты дәл концерттер мен түрлі іс-шараларға толы қарбалас кезеңге тұспа-тұс келген.

«Машинамды дәл осы уақытта, осындай қарбалас кезде сатуым керек болды ма? Жарайды... Соңғы күндері таксиге жарты айлық еңбекақым кетіп жатқан шығар, бірақ тез. Парковка іздемейсің, әуре жоқ», – деп жазды ол.

Али Оқапов жаяу жүргінші ретінде өмір сүріп көру — өзі үшін жаңа тәжірибе екенін атап өтті. Көптеген қолайсыздыққа қарамастан, ол жағымды жақтарын да тапқан: жолда отырып, көлікті басқаруға алаңдамай, еркін түрде қоңырауларға жауап беріп, хат жазуға мүмкіндік бар.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары