Malim.kz
Қоғам

Талдықорғанда автобус жаяу жүргіншіні қағып, әйел қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Талдықорғанда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция мәліметінше, Isuzu маркалы автобус Назарбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Әлеуметтік желілерде марқұмның артында екі кішкентай баласы қалғаны айтылуда.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары