Malim.kz
Қоғам

Талдықорғанда тұрғын үйдің шатырынан жылан табылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Талдықорған қаласында құтқарушылар жеке тұрғын үй аумағынан табылған жыланды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 3-бөлімше аумағында болған. Жеке үйдің карнизінен жылан байқалғаны туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетті.

Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен жорғалаушыны қауіпсіз ұстап, оны табиғи мекен ету ортасына жіберді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жабайы жануарлар мен жорғалаушыларды кездестірген жағдайда оларға жақындамауға және бірден құтқарушыларға хабарласуға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары