Malim.kz
Қоғам

«Тамақ істемейді». Бүркіт әйелінен көңілі қалғанын айтты

• Malim Админ

Көпшіліктің сүйікті әншісі Бүркіт ас бөлмесінде жүрген видеосын жариялап, тамақ істеген сәтін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші әйелінің тамақ істемейтінін айтып, көпшілікке шағымданған. Сондай-ақ ол вегетариандарға үйленудің қажеті жоқ екенін айтып, кеңес береді.

Әйелім тамақ істемейді. Өзім істеп жатырмын. Мына жақта ет бар. Әйелің вегетариан болса қиын. Вегетариандарға үйленудің қажеті жоқ, - дейді Бүркіт.

Ал Бүркіттің жары Аиша еттен жасалған тағамдарды ешқашан пісірмейтінін атап өткен.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары