Malim.kz
Экология

Тамызда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлер аталды

Айбын Атабай
Pixabay.com

Қазгидромет 2026 жылдың тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айында еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің бірқатар ауданында құрғақшылық күтіледі.

Атап айтқанда, атмосфералық құрғақшылық:

Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы және Жәнібек аудандарында;

Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;

Атырау облысының Құрманғазы ауданында;

Алматы облысының Балқаш ауданында;

Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында;

Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында;

Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында болжанып отыр.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бірқалыпты ылғалды жағдай қалыптасады деп күтіледі.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары