Malim.kz
Қоғам

Танысудан бас тартқан әйелге су шашқан

Алуа Әшірбекова
Фото: qara_almaty

Алматыда ер адам танысудан бас тартқан әйелге McDonald’s ішінде су шашқан. Оқиға туралы жәбірленуші әлеуметтік желіде айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz, qara_almaty парақшасына сілтеме жасап.

Әйелдің сөзінше, жағдай Алматының Орбита шағын ауданында болған. Ол ер адамның танысу туралы ұсынысын қабылдамағаннан кейін, әлгі азамат үстіне су шашқанын мәлімдеген.

Оқиға орнына полиция шақырылған. Алайда әйелдің айтуынша, келген полиция қызметкері жағдайға араласқысы келмегендей әсер қалдырып, «өз шаруаңа араласпа» деген мағынада жауап берген.

Осыдан кейін әйел болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, басқа қыз-келіншектерден пікір білдіріп, қолдау көрсетуді сұрады.

Әзірге оқиғаның нақты мән-жайы мен полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты ресми түсініктеме жарияланған жоқ.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары