Еуропалық одақ Танзания билігін елде болып жатқан наразылықтар кезінде көптеген адамның қаза табуына, ұрлануы мен зорлық-зомбылыққа қатысты деректерге байланысты тергеу жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін Танзанияда президенттік және парламенттік сайлаулар өткен, нәтижесінде қазіргі президент жеңімпаз деп жарияланғаннан кейін елде ішкі саяси жағдай күрт шиеленіскен.
ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас 2 қарашада жасаған мәлімдемесінде:
«Еуропалық одақ Танзаниядағы жағдайға қатты алаңдаушылық білдіреді және адам өмірін сақтау үшін билікті барынша сабыр сақтауға шақырады», – деді.
Калластің айтуынша, сайлауға қатысқан саяси күштер арасында тең жағдай болмаған, сондай-ақ оппозиция өкілдерінің ұрлануы, жоғалуы және оларға қарсы күш қолдану деректері тіркелген.
ЕО билікті барлық ұсталған саясаткерлерді босатып, әділ сот процесін қамтамасыз етуге және зорлық-зомбылық пен жоғалулардың барлығын мұқият тергеуге шақырды.
Брюссель Танзаниямен серіктестіктің ұзақ жылдық тарихын атап өтіп, ел билігін оппозиция және азаматтық қоғам өкілдерімен ашық, инклюзивті диалог орнатуға үндеді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те Танзаниядағы қақтығыстар салдарынан көптеген адам қаза тауып, жараланғанына байланысты терең алаңдаушылық білдірді.
.