Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, еліміздің би өнері саласында өзіндік орны мен тұғырлы тарихы бар - Қазақстанның еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығына арналған «Би керуені» атты мерекелік концерт Тараз қаласында жоғары деңгейде өтті.
Кештің шымылдығы ұлттық рухты ұлықтайтын “Ел салтанаты” би қойылымымен ашылып, көрермендерді бірден ерекше әсерге бөледі.
Тарихи тамыры терең, мәдениеті мен руханияты бай қасиетті мекен, киелі Жамбыл жерінің тұрғындары кеш соңында «Салтанат» ансамбліне өз ризашылығын білдіріп, ұлттық өнерге деген шексіз құрметін көрсетті.
Осындай мазмұнды әрі мәнді кештің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясына, Тараз қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына зор алғысымызды білдіреміз!