Malim.kz
Құқық

Таразда жеті қыз 9-сынып оқушысын жабылып ұрған

Айбын Атабай
Pexels

Таразда жеті қыз тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жықты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Төбелестің барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Мектеп оқушыларының ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің іс-әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды», - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта барлық жағдайлар мен себептерді жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», - деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін Атырауда 19 жастағы қызға жасалған қатыгез шабуыл бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жаздық. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары