freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда 19 жастағы қызды пышақпен жарақаттаған. Тергеу басталды

Құқық
Атырауда 19 жастағы қызды пышақпен жарақаттаған. Тергеу басталды
видеодан скриншот

Атырауда 19 жастағы қызға жасалған қатыгез шабуыл бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 8 наурыз күні таңертең болған, деп хабарлайды Malim.kz «Ақ Жайық» басылымына cілтеп. 

21 жастағы қала тұрғыны бірнеше сағат бойы қызды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттап, қорлаған. Ол әрекеттерінің бір бөлігін әлеуметтік желі стористерінде және Telegram мессенджерінде жариялағаны хабарланды.

Жәбірленуші денесі мен аяқтарындағы көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетті, қазіргі жағдайы нақтылануда.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы және 147-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу