Malim.kz
Қоғам

Тараздан 77 шақырым жерде жер сілкінді

Мәди Саматұлы

Жер сілкінісі бүгін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда, Астана уақыты бойынша сағат 10:26-да тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,4-ке жеткен. Ал эпицентрі Қырғызстан аумағында – Тараздан оңтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым және Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырым жерде болған.

Фото: loon.site

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары