Malim.kz
Қоғам

Тараздық оқушы 140 балл алып, 50 млн теңгеге үміткер атанды

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Тараз қаласының түлегі Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 балл жинады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәліметке сәйкес, жоғары нәтиже көрсеткен түлекке арнайы білім беру орталығы сыйлықтар ұсынған. Ол пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 млн теңгенің бірін таңдай алады.

Сонымен қатар, Нұрғанатқа төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оның ата-анасына 3 млн теңге көлемінде сыйақы қарастырылған.

Нұрғанат Қанат ҰБТ-ға ұзақ уақыт дайындалғанын айтып, нәтижеге отбасы мен мұғалімдердің қолдауының арқасында жеткенін жеткізді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады. Қазіргі таңда тестілеуге қатысу үшін 446 мыңнан астам өтініш берілген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары