Malim.kz
Тұлға-таным

Тарихқа мәлім 28 шілде

Айгүл Таңатар
forbes.kz

Әлемде

1540 жыл – Англия королі VIII Генрих Томас Кромвеллді өлім жазасына кестірді және сол күні алтыншы әйелі Кэтрин Говардқа үйленді.

1914 жыл – Австрия-Венгрия Сербияға соғыс жариялап, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.

1935 жыл – Аңызға айналған Boeing B-17 Flying Fortress ұшағы алғаш рет әуеге көтерілді.

1945 жыл – АҚШ-тың Empire State Building ғимаратына B-25 әскери ұшағы соғылып, 14 адам қаза тапты.

1958 жыл – АҚШ-та NASA құру туралы заң қабылданды.

1976 жыл – Қытайдағы Таншань жер сілкінісі болып, жүздеген мың адам қаза тапты. Бұл ХХ ғасырдағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі саналады.

Қазақстанда

2003 жыл – Қазақстанда 10 000 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды. 

2012 жыл – Лондон Олимпиадасында Александр Винокуров веложарыстан Қазақстанға алтын медаль сыйлады.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары