Malim.kz
Қоғам

Тарихшы Бухенвальдтағы қазақстандық тұтқындарға арналған ескерткіш тақтасын орнатты

Арман Қайыпхан

Тарихшы Перизат Садуакас Бухенвальдтағы қазақстандық тұтқындарға арналған ескерткіш тақтасын орнатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Германия, Веймар, 2025 жылғы желтоқсан.  

Өзінің жеке бастамасымен және жеке қаражатына тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, Жоғарғы Соттың Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Садуакас Германияда Бухенвальд концлагеріндегі қазақстандық тұтқындарға арналған ескерткіш тақтасын орнатты. Бұл жоба Ұлы Отан соғысы кезінде нацистік режим тұтқынына түскен жерлестерімізді есте сақтау мақсатында іске асырылды.

Ескерткіш тақта Бухенвальдтың бұрынғы крематорий ғимаратында - лагерьдің ең қайғылы орындарының бірінде есте қалған зорлық-зомбылықтың символы. Тақтада алғаш рет QR-код қолданылған, ол кез келген туристке қазақстандық тұтқындардың тізімін қазақ, орыс және неміс тілдерінде көруге мүмкіндік береді. Тізімде 35 қазақстандық көрсетілген, олар  Алматы, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Семей қалалары мен Ақмола және Түркістан облыстарынан шыққан түрлі ұлт өкілдері. Ең жас тұтқын 1926 жылы, ең үлкені – 1900 жылы туған. Тізімді толықтыру және жаңарту жұмысы Бухенвальд әкімшілігінің қолдауымен жалғасады.

Бухенвальд басшылығы қазақстандықтардың тізімін анықтау бойынша  бастама Перизат Сәдуақасқа тиесілі екендігі туралы ресми сертификат берді. Аталған құжатты авторлық құқықтың баламасы ретінде қарастыруға болады.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің, Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, Бухенвальд мемориалды кешенінің басшылығы, Қазақстан студенттері, сондай-ақ жоба бастамашысының әпкесі Бекзат Ермекбаева қатысты.

Перизат Садуакас ескерткіш тақта оның жеке атынан емес, Бухенвальд тұтқындарының ұрпақтары және Қазақстан халқының атынан орнатылғанын атап өтті. Жоба гуманистік және бейбіт сипатта және тарихи естелікті сақтауға, тоталитарлық режим құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіруге және халықаралық диалогты нығайтуға бағытталған.

Бастамашы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Германиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне, Франкфурттағы Бас консулдыққа, Бухенвальд мемориалды кешенінің басшылығына және «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің негізін қалаушы Раиса Рамазанқызына бастаманы қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Тарихтағы қайғылы беттер құрбандары туралы естелік жаңа ұрпақты тарихи шындықты сақтауға және бейбітшілікті нығайтуға шабыттандырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары