Malim.kz
Қоғам

Тауда адасқан екі жігіт табылды

Malim Админ

Бұған дейін жазылғандай, 19 жастағы екі жігіт тауда адасып кеткен. Туристер құтқарушылардан көмек сұрап, видео жолдаған. Көп кешікпей 4 құтқарушы мен кинолог адасқандарды табады. Оқиға орнына келген құтқарушылар бір жігіттің аяғын зақымдап алғанын білген. Оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға сел жүру қаупі барын ескертіп, оқыс жағдайда 112 құтқару қызметіне хабарласуды сұрайды.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары