«Таза Қазақстан» атты экологиялық акция аясында қала белсенділері «Ыбықты-Сай» тарихи орнына тазалық жұмыстарын жүргізді , деп хабарлайды Malim.kz Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.
Бұл акцияға облыстық «Жастар» ресурстық орталығының өкілдері және «Yessenov» колледжінің студенттері белсене қатысты.
Маңғыстау облысы еріктілерінің ұйымдастыруымен Ыбықты-Сай шатқалына сенбілік өткізуді ұйғардық. Киелі өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттайтын туристер ағыны жыл сайын артып келеді, табиғат-Ананың қымбат қазынасы ретінде мұндай жәдігерлердің бастапқы қалпын бұзбай, жайнап тұруы тікелей бізге байланысты. Ұрпақтың жарқын келешегі туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады, - деді қала еріктісі Амангүл Жамкен.
Фото: Қоғамдық коммуникациялар орталығы