Malim.kz
Қоғам

Теміртаудағы су қоймасында қайықпен аударылған ер адам құтқарылды

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері су ортасында қалған тұрғынды аман алып қалды. Оқыс оқиға Теміртау қаласы маңындағы Самарқан су қоймасында болған, деп хабарлайды Malim.kz. 

ТЖМ мәліметінше, ер адам мінген моторлы қайық су айдынында кенеттен аударылып, тұрғын суға құлап кеткен көрінеді. Куәгерлер дереу «112» пультіне хабарлап, көмек шақырған. 

«Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, судан ер адамды шығарып алды. Ол медициналық тексеруден өту үшін бірден жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Сондай-ақ мамандар аударылған моторлы қайықты да жағаға сүйреп әкелді», — деп жазылған ТЖМ баспасөз хабарламасында. 

Аталған оқыс оқиғадан кейін мекеме өкілдері азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салып отыр. 

Мамандар судағы қауіпсіздікті сақтау үшін бірқатар негізгі ережені қатаң сақтауды ұсынды. Атап айтқанда, суға шығар алдында міндетті түрде ауа райы болжамын тексеру қажет. Қайыққа мінген әрбір адам үнемі құтқару жилетін киіп жүруі тиіс. Сондай-ақ тек зауыттық, ақауы жоқ және толық жарамды жүзу құралдарын ғана пайдалану ұсынылады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары