Malim.kz
Қоғам

Теміртаудағы жол апаты: 2 бала көз жұмып, 10 адам емханаға түсті

Malim Админ

Теміртау маңында болған жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тауып, тағы 10 адам емханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке  сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні сағат 17:56 шамасында Алматы – Екатеринбург тас жолының Теміртау маңындағы ақылы бекет жанында болған. Тас жолда Toyota Camry мен Chevrolet Nexia соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің ішінде 12 адам болған, оның екеуі – бала. Ауыр жарақат алған 10 адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға тағы да шақырады», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Фото: Tengrinews   

Malim Админ
Автордың басқа материалдары