Malim.kz
Қоғам

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб шұғыл хабарлама таратты

• Мәди Саматұлы

Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабы Ақтөбе қаласының тұрғындарына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен, 2024 жылы 20 тамызда қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған. 

«Іс-шараның шарттары күрделіліктің әртүрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты жедел штаб азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырады. 

Айта кетсек, мамыр айында Абай және Жамбыл облыстарында да терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілген болатын.

Фото: Терроризмге қарсы орталық

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары