Malim.kz
Қоғам

TikTok-тағы эфир үшін 5 тәулікке қамалды

Алуа Әшірбекова
Фото: Видеодан скриншот \ ЖИ арқылы жасалған

Абай облысында TikTok-та тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтып, алкоголь ішкенін көрсетіп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан әйел анықталды, деп Malim.kz тілшісі, Bairaq Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, 53 жастағы Семей тұрғынының тікелей эфирін шамамен 12 мың адам көрген. Құқық қорғау органдары оның жеке басын жедел анықтаған.

Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Жасына байланысты оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ полиция әлеуметтік желідегі жария әрекеттердің де құқықтық салдары болатынын ескертті. Ведомство құқыққа қайшы контентті анықтау және оның жолын кесу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары