Malim.kz
Қоғам

TikTok-тағы тікелей эфирі үшін Тараз тұрғыны 5 тәулікке қамалды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Тараз қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция жүргізген тексеру нәтижесінде «Тау адам» лақап атымен тіркелген аккаунттың Тараз тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екені анықталды.

Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары