Malim.kz
Әлем

Тікұшақ апатынан он төрт адам көз жұмды

Айбын Атабай
instagram.com/alkhaleej.ae

Сауд Арабиясында Saudi Aramco мұнай компаниясына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 14 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды  Malim.kz Синьхуа агенттігіне сілтеп. 

Корольдіктің Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, тікұшақ елдің шығысындағы жағалаудағы Рас-Таннура қаласында құлаған. Зардап шеккендердің барлығы Сауд Арабиясының азаматтары болған.

Министрлік апаттың себебін анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын қосты.

Saudi Aramco - Сауд Арабиясының мемлекеттік энергетикалық компаниясы және әлемдегі ең ірі шикі мұнай өндірушісі.



 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары